Климаттық сценарийлер
Репрезентативті шоғырлану траекториялары (РШТ) Климаттың өзгеруі жөніндегі халықаралық сарапшылар тобының (КӨХСТ) бесінші бағалау есебіне арнап әзірленген. Олар 2011-2100 жылдар аралығында орын алуы мүмкін парниктік газдар тудыратын радиациялық шығарындылардың әртүрлі деңгейлерін сипаттайды. Алайда, олар өздерімен бірге жүретін ешқандай әлеуметтік-экономикалық «нарративтерді» қамтымады. Соңғы бірнеше жылда халықаралық климатологтар, экономистер және энергетикалық жүйелерді модельдеу тобы келесі жүз жылдықтың ішінде жаһандық қоғамдағы, демографиядағы және экономикадағы ықтимал өзгерістерді қарастыратын бірқатар жаңа «траекторияларды» әзірледі. Олар «Жалпы әлеуметтік-экономикалық нұсқалар» (ЖӘЭН) ретінде белгілі. ЖӘЭН 2017 жылы жарық көрді (Riahi және бірлескен авторлар, 2017) және 2021/2022 жылдары КӨХСТ Алтыншы бағалау есебінде маңызды рөл атқарады.
ЖӘЭН — бұл қазіргі кездегі әрекет ететіндерден басқа жаңа климаттық шаралар болмаған кезде болашақ оқиғалардың дамуын сипаттайтын негізгі сценарийлер. Олар әлем ұстана алатын бес жолды ұсынады. Бес ЖӘЭН бір-бірінен негізінен халықтың өсуімен, урбандалумен, экономикалық өсумен, білім беру мен денсаулық сақтау саласына салынған инвестициялармен, энергетикалық жүйемен және жерді пайдаланумен, технологиялық даму қарқынымен, сондай-ақ өмір салтын өзгерту сияқты сұраныс факторларымен ерекшеленеді (Riahi және бірлескен авторлар, 2017).
РШТ сияқты ЖӘЭН да құрылымы жағынан толық емес, өйткені бұл климаттың өзгеруінің әсерін қамтымайтын тек әлеуметтік болашақ қана. Сонымен қатар, оларда салдарларды жеңілдету немесе бейімдеу бойынша ешқандай шаралар іске асырылмайды (O'Neill және бірлескен авторлар, 2020). Сондықтан ClimateImpactsOnline әртүрлі әлеуметтік-экономикалық және радиациялық сценарийлерге сәйкес келетін климаттық деректерді визуализациялау үшін үш ЖӘЭН-РШТ үйлесімін пайдаланады.
ЖӘЭН ОСЭВ1 - 2.6 «Тұрақты даму»
Климаттың өзгеруінің төмен деңгейлі сценарийі (ЖӘЭН1) жиі «Жасыл жол» деп аталатын салыстырмалы түрде тұрақты жолды білдіреді. Сценарий білім беру мен денсаулық сақтау саласына салынатын жоғары инвестицияларды қамтиды. Олар демографиялық өтудің жеделдеуіне және әсіресе дамушы елдердегі халықтың өсуінің баяулауына әкеледі. Жалпы, адамның әл-ауқатына көбірек көңіл бөлінеді. Даму мақсаттарына қол жеткізуге деген өсіп келе жатқан бейілділіктің арқасында елдер арасында да, олардың ішінде де теңсіздік қысқарып келеді. Тұтыну төмен материалдық өсуге және ресурстық және энергия сыйымдылығының төмендеуіне бағытталған. ЖӘЭН1 негізгі сценарийі климаттың өзгеруінің салдарларын жеңілдету және оларға бейімделу үшін аса қиындық тудырмайды, өйткені климаттық мақсаттарға жаһандық ауқымда қол жеткізуге болады (O'Neill және бірлескен авторлар, 2017). ЖӘЭН1 2100 жылы бір шаршы метрге 2,6 Вт күшейтілген әсер етумен үйлеседі.
ЖӘЭН3 - 7.0 «Өңірлік бәсекелестік»
«Өңірлік бәсекелестік» деп аталатын климаттың бірқалыпты өзгеру сценарийі (ЖӘЭН3), ұлтшылдықтың қайта жандануымен және өңірлік қақтығыстармен сипатталады. Бұл елдерді ішкі немесе кемінде өңірлік мәселелерге көбірек көңіл бөлуге мәжбүр етеді. Мысалы, энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздік мақсаттарға тек өз өңірінде ғана қол жеткізіледі. Білім беру мен технологиялық дамуға салынатын инвестициялар қысқарып келеді. Экономикалық даму баяу, тұтыну материалдық сыйымды және уақыт өте келе теңсіздік күшейіп келеді. Сонымен қатар, өнеркәсіптік дамыған елдерде халықтың өсу қарқыны төмен және дамушы елдерде жоғары. Жалпы алғанда, ЖӘЭН3 экологиялық мәселелерді шешу үшін төмен халықаралық басымдығымен сипатталады (Fujimori және бірлескен авторлар, 2017). ЖӘЭН3 сценарийі бір шаршы метрге 7 Вт әсер ету деңгейімен үйлескен.
ЖӘЭН5 - 8.5 «Қазбалы отын түрлерін пайдалану негізінде даму»
Соңғы сценарий (ЖӘЭН5) жылдам технологиялық прогреспен және адами капиталдың дамуымен сипатталады. Жаһандық нарықтар барған сайын бірлесе түседі. Сонымен қатар, адами және әлеуметтік капиталды арттыру мақсатында денсаулық сақтау, білім беру және институттарға қомақты қаражат жұмсалады. Сонымен бірге, бүкіл әлемде бұл қазба отындарының бай қорларын пайдаланумен және ресурсты және энергияны көп қажет ететін өмір салтына көшумен бірге жүреді. Әлеуметтік және экологиялық жүйелерді, соның ішінде қажет болған жағдайда геоинженерия арқылы басқару қабілетіне сенім бар (Kriegler және бірлескен авторлар, 2017). ClimateImpactsOnline ЖӘЭН5 сценарийін бір шаршы метрге 8,5 Ватт парниктік газдардан туындайтын радиация деңгейімен үйлесімін пайдаланады.
Сонымен қатар келесіні қараңыз:
ЖӘЭН деректер қоры
Жалпы әлеуметтік-экономикалық нұсқалар (ЖӘЭН): Шолу (плакат)
Дереккөздер:
O’Neill, B.C., Carter, T.R., Ebi, K. және бірлескен авторлар Achievements and needs for the climate change scenario framework. Nat. Clim. Chang. 10, 1074–1084 (2020). https://doi.org/10.1038/s41558-020-00952-0
Riahi, K. et al., The Shared Socioeconomic Pathways and their energy, land use, and greenhouse gas emissions implications: An overview, Global Environmental Change, Volume 42, 153-168 (2017). https://doi.org/10.1016/j.gloenvcha.2016.05.009.